Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арнольд Шварценеггер обыр дертіне шалдыққан австралиялық азаматтың тілегін орындады

Арнольд Шварценеггер сигараларды ерекше жақсы көретін обыр дертіне шалдыққан австралиялық 75 жастағы Йозеф Миттермайердің тілегін орындады.

20160122085308

Зейнеткердің қызы «Фейсбукте» әкесінің Шварценеггердің өнеріне табынушы екенін және одан шағын сыйлық алуы үлкен қуаныш болатындығын жазды, деп хабарлайды The Local.

Сара Миттермайердің жазбалары 100 мыңнан астам репост жинаған соң, Австрия азаматшасымен Шварценеггердің досы Ральф Меллер хабарласты. Ол әйелге Арнольдтан сигаралар қорабын, сондай-ақ жеке сигаралардың қаптамасы және «Терминатордың» қолтаңбасы бар фотосуретін жіберді.

Йозеф Миттермайерге обыр диагнозы 2013 жылы қойылған. Дәрігерлер оның сигараларға уәестенуіне түсіністікпен қарап, темекі тартуына қарсы болған жоқ.

Талқылау