Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Арнайы күн керек емес": Жақындарын құттықтаған Тәуекел Мүслім жұрттың жүрегін елжіретті

Тәуекел Мүслім әлеуметтік желіде жақындарын аналар күнімен құттықтап, жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Актер әлеуметтік желідегі парақшасында қос анасының суретін салып, оларды аналар күнімен шын жүректен құттықтайтынын жеткізген болатын. Өнер иесінің пікірінше, анаға деген сезімді білдіру үшін арнайы күннің қажеті жоқ.

«Осы суретті бұрынан салғым келіп жүрген, бүгін жақсы себеп болып тұр. Ардақты аналарымыздың күні. Әрине, анаға деген ыстық сезіміңді білдіру үшін арнайы күн керек емес. Дегенмен инстаграмда атап өтуге болады. Аналарыңыздың күні құтты болсын! Аналарымыз әрдайым қасымызда, аман-есен жүре берсін. Өмір жастары ұзақ болсын!» - деп жазды актер. 

Өнер иесінің бұл жазбасын көрген жұрттың жүрегі елжіреп, ақ тілектерін жаудырды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Осы суретті бұрынан салғым келіп жүрген, бүгін жақсы себеп болып тұр. Ардақты аналарымыздың күні❤️ Әрине анаға деген ыстық сезімінді білдіру үшін арнайы күн керек емес. Дегенмен инстаграмда атап өтуге болады☺️ Аналарыңыздың күні құтты болсын! Аналарымыз әрдайым қасымызда, аман-есен жүре берсін😘 Өмір жастары ұзақ болсын!) =•=•=•=•=•=•=•=•=•=•=•=•=•=•=•=•=•=•=•=•=•=•=•= С днём Мамы❤️ Долгих лет жизни нашим матерям! #ДеньМамы

Публикация от Тәуекел Мүсілім Сабырұлы (@mussilim)

«Аналарыңыз бақытты болсын, ғұмырлары ұзақ болсын», «Керемет! Анаңыз жүз жасасын», «Анасын сыйлаған баласынан айналдым», «Не деген керемет жылы сөздер» десті жұрт.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр