Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Армяндық боксшы Головкинді кешкі асқа тамақ қылатынын айтты

Тегі армяндық болып келетін америкалық боксшы Ванес Мартиросян қазақстандық атақты боксшы Геннадий Головкинді кешкі асқа “азық қылатынын” айтты.

вмвм

Сурет boxing.ru

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Ол мексикалық Сауль Альварес пен кубалық Эрисланди Лараны да жеңгісі келетінін жеткізген. Сосын барып Головкинмен айқасуға дайындаламын дейді ол.

“Мен бұлардың барлығын шайнап тастаушы едім. Бірінші кезекте Альварес пен Лараның шаруасын тындырамын. Ал Головкинді кешкі асқа қалдырамын. Мен чемпионмын!” – дейді 30 жастағы Мартиросян.

Ванес Мартиросян орта салмақ 69,9 келіде сынға түсіп жүр. Әуесқой бокстағы мансабын 120 жеңіс және 10 жеңіліспен аяқтаған. Ал кәсіпқой рингте 36 кездесу өткізіп, тек 3 рет жеңіліпті. Ол WBA және WBO белдіктері үшін титулдық жекпе-жектерге де шыққан. Соңғы кездесуде ол төрешілердің шешімімен Эрисланди Ларадан жеңілген еді.

Талқылау