Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Арманымдағы жұмыс: Бойжеткен өзгелермен құшақтасу арқылы байып кетті
АҚШ-тың Филадельфия қаласының тұрғыны өзінің ерекше жұмысы туралы айтып берді. Ол адамдарды құшақтау арқылы дылына 55,5 мың доллар (20 млн 500 мың теңгеден аса) табыс табады.
24 жастағы Сесилия Баэз өз клиенттерін желіден табады екен. Ол бір аптада шамамен 15 сағат жұмыс істейді. Адамды бір сағат құшақтағаны үшін 80 долларға (29 мың теңгеден аса) жуық ақша алады. Одан бөлек, ол кейде бейтаныс адамдармен өміріндегі қиындықтар туралы сөйлесіп, мұңын тыңдайды екен, деп жазады The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Бойжеткен кәсіби «құшақтасушылар» тобында жұмыс істейді. Мұндай қызмет көрсететін компанияның штатта оқудан өтіп жатқан 400 қызметкері бар.
«Менің жұмысымның жалғыз кемшілігі – тағы көбірек құшақтасу мүмкіндігінің жоқтығын. Маған адамдарды шабыттандырып, өмірінің өзгеруіне көмектескен ұнайды. Бұл мені де өзгертеді. Сондықтан сеанстарды барлық қатысушыны емдеуге бағытталған әдіс ретінде қабылдаймын», – дейді Баэз.
Бойжеткеннің отбасы оның мұндай жұмысын толықтай қолдайды. Ал Баэз өз қызметінің арманындағы жұмыс екенін айтады.