Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арман Қоңырбаев пен Аша Матай қуаныштарымен бөлісті

Жұлдызды жұп Арман Қоңырбаев пен Аша Матай отбасылық өмірдің алғашқы бір жылдығын атап өтті.

000000

Фото: іnstagram.com/asha_matai/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

2015 жылы маусымның 26-сы күні Арман Қоңырбаев сүйіктісі Аша Матайға тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған болатын. Ұсынысты жұрт алдында кинотеатрда тұрып жасады.

Сол сәтте Аша Матай өз келісімін беріп, артынша дүркіретіп тойларын жасады. Бүгінде жұлдызды жұп алғашқы перзенттерін асыға күтіп жүр.

“Тура бір жыл бұрын сүйіктім тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған болатын. Осы қуанышымыздың құрметіне романтикалық кешкі асқа бардық”, – дейді Аша Матай.

1

Ғашықтардың қуанышын желі қолданушылары да бөлісті. Олар отбасы бақытын тілеп, қуанышты хабар күтетіндіктерін жеткізді.


Жіберіп алмаңыздар:

Аша Матай: Мені өсекқұмарлықтарыңмен қайран қалдырасыңдар

Аша Матай: Ырымымызға сай сәбиіміздің есімін алдын ала атамайтын болдық

Арман Қоңырбаев Ашаның қызғанышын оятып алам ба деп қорқады

Интернетті “жарған” балақайлар Арманның алдында Ашаны ыңғайыссыз жағдайға қалдырды

Талқылау