Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Арман Қоңырбаев: Отбасымсыз өмір сүре алмаймын

Instagram қолданушылары Армен мен Ашаның қарым-қатынасы үшін алаңдап қалды. Жұлдызды жұп әлеуметтік желіден бір-бірін өшіріп тастаған әрі Аша сіңлісі Айсәуленің тойында жалғыз бой көрсеткен. Сол сияқты Арман да 8 наурыз күні әлеуметтік желі арқылы анасы мен әпкесін ғана құттықтаған. 

Арман Қоңырбаев: Отбасымсыз өмір сүре алмаймын

"Гәкку" арнасының "Жауап бер" бағдарламасында Арман отбасына қатысты сауалдарға жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Арман Қоңырбаев "Өмірде алған ең қымбат сыйыңыз қандай?" деген сұраққа: "Жұбайымның қыз сыйлағаны - мен үшін ең үлкен сый" - деп жауап берген. 

Сондай-ақ, отбасына, өзіне деген құрметсіздікті көтере алмайтынын атап өткен. 

"Мен өзімнің отбасымсыз өмір сүре алмаймын", - деді Арман жауаптарының бірінде.

Бұдан өзге, әнші жігіт жанұясын бақытты ету бұл өмірдегі ең басты мақсаты екенін атап өткен. 

Арман алғашқы махаббаты жайлы да айта кетті. Сөзіне қарағанда, бір қызға ғашық боламын деп оның сабағы нашарлап кеткен. 

"9 сыныпқа дейін 4 пен 5-ке оқыдым, сол кезде бір қызға ғашық болып, 3-тік баға пайда болды. Үш пәннен 3 алып қалдым", - деді Арман. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр