Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Арман ғой бұл кісі": Мұрат Құсайыновтың қолтаңбасын 50 жыл бойы ала алмаған әженің арманы орындалды

Мұрат Құсайыновтың қолтаңбасын 50 жыл бойы ала алмаған әженің арманы орындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Түңгі студия" бағдарламасына сілтеме жасап.

Кезінде әлемге аты шығып, өнерімен тыңдарманды тәнті еткен "Дос-Мұқасан" тобының солисі Мұрат Құсайынов тағы да қолтаңба берді. Өнер иесінің 50 жыл бұрынғы жанкүйері Айнаш есімді әже қолтаңба алып, арманы орындалды.

"Сізді 20 жасымда Алматының концертінде көріп едім. Күшті концерт қойған. Сол кезде қолтаңбаңызды алайын деп едім. Содан кейін сізді көрмедім, таппадым, қайда жүрсіз? Сол кезде ала алмадым, енді алайын. Арман ғой бұл кісі, арман", - деп ағынан жарылды Айнаш апа.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр