Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Арман Дүйсенов: Еуропада көшеде музыка ойнап ақша тапқан кезім болды
Танымал сазгер Арман Дүйсенов өмір жолы туралы айтып, жұртты жүрегін елжіретті. Айтуынша, жас кезінде Еуропада көшеде музыка ойнап ақша тапқан кездері болыпты. Оны айтуға арланбаймын, дейді Дүйсеновтің өзі, деп жазады Stan.kz.
Өз сөзінде Арман Дүйсенов Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келгенін айтты. Алайда оны көпшілік Түркістан облысының тумасы деп ойлайтын көрінеді.
«Мен БҚО тумасымын, және кішіпейілдік тек бұрыңғы ОҚО тұрғындарына ғана емес, жалпы қазақы болмыстағы еліміздегі әр ауылға тән қасиет. Базбіреулер тіпті “жағымпаз” дейтін көрінеді… Түсінгенім: жақсы адамға жақсылығын айтқан, абыройын асырған адам жағымпаз да, кісіге жылы сөзін қимайтын, ауызынан жақсы сөз шықпайтын адамның барлығы-қаhарман екен ғой, солай ма? “Көп сөйлейді”,- деп айтады екен. Көзімізді ашқалы кітап оқыдық, жыр жаттадық… Айыптымыз. Театрда, ТВ-да көп жылдар бойы жұмыс жасадық. Мамандықтың “деформацияға” ұшырататыны да рас шығар», – деп жазды сазгер Instagram-парақшасында.
Дүйсенов ауылда да, интернатта да көп балалы ортада өскенін жасырмады. Ол жерде ашық-жарқын мінезді болып, жасқанбауды үйрендім, дейді ол.
«Ә десе, мә» деген жағдайлардың көкесін көрдік… Жатақxанада тұрдық. Бір кезде ол еркінсіп кеткен «спортшысымақтардың жаттығу алаңына» айналған болатын, «Жубановскийлер» болып жабылып төтеп бердік, жалғыз қалып қойып, «престің астында» қалып қойған кездер де есте… Мейрамханалар мен тойларда ойнадым. Еуропаға көп бардым. Ол жақтарда фестивальдерге қатыса жүріп, көшеде музыка ойнап ақша тапқан кезім болды, оны айтудан еш арланбаймын. Әр жылдары біздің мемлекеттік барлық делік оркестірлерінде 0,25 мөлшерлемемен жұмыс жасадым, себебі күндізгі бөлім студентімін. Студияларда түнедік. Жас қанат т.б… Айта берсе көп… Жас болдым… Қателестім…», – дейді дүйсенов.
Сөз барысында ең жақын жадарынан айырылғанын айтқан сазгер бүгінде «барым да, нарым да – отбасым» дейді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Арман Дүйсенов дертке шалдыққанын айтып елді алаңдатқан еді. Артынша ол қандай сырқатқа шалдыққанын айтты.