Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арман Дүйсенов ауыр дертке шалдыққанын айтып, жұртты алаңдатып қойды

Танымал композитор Арман Дүйсенов аса ауыр дертке шалдыққанын айтып, жұртты алаңдатып қойды. Сазгер ауруынан айығу үшін Корей еліне жолға шықты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Арман Дүйсенов

Бұл туралы композитор өзінің Instagram-дағы парақшасында жазған.

“Сеулге жол жүріп барамын. Жаратқан созылмалы ауруға қарсы ем қолдануға мүмкіндік берді. Әдеттегідей өмірімдегі ең қымбат адам мені шығарып салуда. Жаратқанға, көрсеткен қолдауы үшін бауырыма, отбасыма алғыс айтамын. Айығып кетемін деп үміттенемін. Әзірге тірімін, үмітім бар”, – деді сазгер.

Желі қолданушылары композитодың дертіне шипа табылсын деп тілек білдірді.

“Сізге не болғанын білмеймін, бірақ сіздей адам жазылып кетуге міндетті”, – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау