Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал продюсер Арман Дәулетияров туған күнінде өзі ән салды (видео)

Ресей шоу-бизнесінде ойып тұрып орнын тапқан ең танымал қазақстандық продюсер Арман Дәулетияров 46 жасқа толды. Достары мен туыстарын шақырған ол туған күнін «Москва сити» ғимаратындағы ең танымал барлардың бірінде атап өтті.

c095800ee478e79883ca6d9dce16cdb1

Туған күн кешінде продюсердің қарамағындағы әнші, «Евровидение-2010» байқауының қатысушысы, даттық әнші Томас Невергрин ән айтты. Ол көп жылдан бері Ресейде тұрып жүр. Ал одан кейін туған күн иесінің өзі де бірнеше ән орындап, жиналған жұртты тамсандырды.

Сондай-ақ, Дәулетияровтың қонақтары оны «МУЗ-ТВ» арнасының мерейтойымен құттықтады. Арман Дәулетияров басқаратын Ресейдегі танымал телеарналардың бірі биыл өзінің 20 жылдығын атап өтпек. Сондай-ақ, Арман Дәулетияров – Қазақстан мен Ресей мәдени-іскерлік халықаралық орталығының президенті.

«Қадірменді достарым, әріптестерім, құттықтауларыңыз бен жылы-жылы лебіздеріңізге рақмет! Сіздерге және отбасыларыңызға бақыт, махаббат, денсаулық тілеймін!» – деді продюсер өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

#Repost @sergeysaidov ・・・ С Днем Рождения @arman_dav

Видео опубликовано Арман Давлетяров (@arman_dav)

Жіберіп алмаңыз:

Ресей шоу-бизнесіндегі ең танымал қазақты тонап кетті

«Муз-ТВ» арнасы басшысының әйелі Майамиде төртінші перзентін босанды

Талқылау