Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арман Ашаның жүктілігі қалай өтіп жатқаны туралы айтып берді

Жұлдызды жұп Арман мен Аша жуырда сәбилі болады. Ай-күні жақындаған тележүргізуші қыз бала күтіп жүргенін айтқан болатын. Енді міне жолдасы жүктіліктің қалай өтіп жатқаны туралы толығырақ баяндап берді.

image

Фото: instagram.com/asha_matai/?hl=ru

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

“Ашаның жағдайы жақсы, керемет деп те айтуға болады. Көбінесе үйде отырады, арасында шомылуға барамыз. Таза ауаға шығып, қонақ аралайтын кездеріміз де болады. Аша тәрбиелі қыз болғандықтан, көп еркелей бермейді. Яғни ойға сыймайтын дүниелерді айтпайды. Осы уақытқа дейін түнде бірнәрсе жегім келеді деп мазалаған емес”, – дейді Арман Қоңырбаев.

Тележүргізуші Аша Матай бала мен тамақтану тақырыбына қатысты кеңестерді көбінесе Салтанат Бақаева, Айдай Исаева сынды құрбыларынан сұрайды екен. “Салтанат Бақаева бүгінде екі баланың анасы. Ол кісінің тәжірибесі мол десек те болады. Аша Салтанаттан да, менен де хабарласып кеңес сұрап тұрады. Кездескен кезде де ана болу тақырыбына қатысты пікірлерімізді бөлісеміз. Алла бұйырса жақында босанады. Барлығымыз асыға күтіп жүрміз”, – дейді Айдай Исаева.

Жүкті әйелдердің көңіл-күйлері жиі құбылып тұратыны рас. Ал Арман Ашаның орынсыз ренжіп, болмаса көңіл-күйін түсіріп отырған кездерін байқамағанын айтады. Алайда болашақ әке әйелінің еркелегін қай кезде де көтеруге әзір екенін айтып өтті. “Әрине, Аша маған еркелейді. Бірақ логикаға сыймайтын нәрселерді айтпайды. Мысалы, түнгі 3-4-те тұрып алып, “құлпынай жегім келеді” деп ыңғайысыз өтініш айтқан емес. Ал менің достарымда мұндай жағдай болған еді”, – дейді Арман Қоңырбаев.


Жіберіп алмаңыздар:

Аша Матай: Мені өсекқұмарлықтарыңмен қайран қалдырасыңдар

Аша Матай: Ырымымызға сай сәбиіміздің есімін алдын ала атамайтын болдық

Арман Қоңырбаев Ашаның қызғанышын оятып алам ба деп қорқады

Интернетті “жарған” балақайлар Арманның алдында Ашаны ыңғайыссыз жағдайға қалдырды

Талқылау