Арктикада 170 жыл бұрын суға кеткен танымал кеме табылды

Сейсенбі, 13 Қыркүйек , 2016 9:14

Зерттеушілер Солтүстік Мұзды мұхит арқылы солтүстік-батыс өткелін іздеген британдық Джон Франклиннің экспедициясындағы «Террор» кемесін тапты.

71

“Эребус” және “Террор” кемелеріне мінген британдық теңіз офицері Джон Франклиннің жетекшілігіндегі жоғалған экспедиция Атлант мұхитынан Тынық мұхитына Арктика арқылы жол ашпақ болған. Франклин және оның экипажы – 128 теңізші 1845 жылдың мамыр айында Британиядан жүзіп кеткен. Сол жылы тамыз айында олар туралы соңғы хабар келген және экспедицияның кейінгі тағдыры белгісіз.

Жексенбі күні Arctic Research Foundation зерттеу ұйымының мамандары қашықтықтан басқарылатын сүңгуір қайық көмегімен арктикалық шығанақтардың біріне батып кеткен екінші кемені тапты.

«Біз кают-компанияға кіре алдық, бірнеше каютада болдық. Азық-түлік қоймасына барып, консерв құтысын және екі бөтелке шарап таптық. Үстелдер мен сөрелер бос. Қозғалатын жәшіктері бар үстел таптық», – деді Martin Bergmann зерттеу кемесіндегі ұйым жетекшілерінің бірі.

Америкалық жазушы Дэн Симмонстың танымал «Террор» романы Джон Франклиннің жоғалған экспедициясына арналған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар