Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Археологтар египеттік мумиядан жұмбақ татуировка тапты (фото)

Археологтар тобы Египеттегі Дейр-эль-Медина ауылында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде татуировкасы бар мумия тапты. Бұл туралы ғалымдар жыл сайынғы Стэнфордта өтетін (АҚШ) антропологтар кездесуінде айтып берді.

fe43b5f845e4951e9972ade9af158662

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Ғалымдардың айтуынша, аталған татуировкалар ең ежелгі адамзат тарихындағы өнер туындысы ретінде сипатталатын көрінеді. Дейр-эль-Медина ауылы әйгілі “Патшалар алаңынан” алыс емес жерде орналасқан. Зерттеу нысанына айналған барлық мумиялар біздің заманымызға дейінгі 1300-1070 жылдар аралығында жерленген.

2222222222222

Мумияны арнайы сканерден өткізген ғалымдар әйел денесінен өте көп татуировканы тапқан. Жалпы саны 30-дан асып кетеді. Денесі толықтай осындай суреттерге толы екен. Ғалымдар археологиялық жұмыстар кезінде осы күнге дейін бірде-бір сүйек татуировкамен табылмаған, сол себепті бұл жағдай өте жұмбақ болып отыр дейді. Олардың болжауынша денедегі суреттер ежелгі египеттіктердің әлеуметтік статусын білдіруі мүмкін.

Талқылау