Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арқан тартыста қайсарлығымен тәнті еткен оралдық балаға велосипед тарту етілді

Арқан тарту сайысында өжеттігімен тәнті еткен 12 жастағы Батыс Қазақстан тұрғынына велосипед тарту етілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161104191517

Аз уақытта интернет жұлдызына айналып шыға келген Айбатыр Мырзабеков, командасымен бірге “Мен – Жеңімпаз” жобасына қатысқан болатын.

Арқан тартыс ойынынан өткен байқауда Айбатыр өз тобына жеңіс алып келу үшін барын салды. Күш-қуаты сарқылғанша арқанды тартқан жігіт табандылығымен көзге түсті. Орнынан құласа да, қайта тұрды, көзінен жас шықса да, дегенінен қайтпады.

“Оралдан келген команда 1/8 финалында жеңіліс тапты, келесі кезеңге өтпеді. Бірақ осы топтағы бір жігіт біздің есімізде ұзаққа дейін сақталады. Өйткені кішкентай Айбатыр Мырзабеков бүкіл командасын тартып алса да, қызыл сызыққа келгенде орнынан тапжылмай тұрып алды. Алдымен бір орында тұрды. Одан кейін отырды, жатты, айқайлады, жылады. Бірақ берілген жоқ. «Мен жеңімпазбын» шоуының тарихында алғаш рет есеп тең түсті», – деп жазды жоба менеджері Ульяна Әшімова өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Оқи отырыңыз:

Арыстанбек Мұхамедиұлы боксшы Қанат Исламға шапан жапты (фото)

Спорттан шеттетілген ауыр атлет Жасұлан Қыдырбаев лауазымды қызметке тағайындалды

Гүлнұр Оразымбетова: Кім айтты менің жолдасым көрінбейді деп?

Жазира: Жанболаттан таяқ жедім. Өзімнің тілімнен таптым

Талқылау