Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстағы жарылыс: Қария күл-талқаны шыққан үйде жалғыз қалып қалған (видео)

Полиция қызметкерлері Арыс қаласындағы жарылыс кезінде үйінде қалып қойған қарияны құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Арыстағы жарылыс: Қария күл-талқаны шыққан үйде жалғыз қалып қалған (видео)

Белгілі болғандай, қарияның үйінің маңына снаряд құлаған. 

«Мына Арыс қаласының тұрғынының үйінің жанына снаряд құлаған. Қатты жарылыс үйінің шатырын жұлып кеткен. Дер кезінде жеткен полицейлер жарақаттанған ер азаматқа көмек берді», - дейді полициядағылар. 

Видео кадрларында тәртіп сақшылары қарияны екі жағынан қолтықтап ұстап, сыртқа қарай алып бара жатыр. Сонымен қатар видеодан үйдің шатыры жұлынып, терезелері сынып, барлық жерде әйнектің сынықтары шашылып жатқаны көрінеді.

«Абайлаңыз, ақсақал. Ақырындап көлікке алып барыңдар», - дейді кадр сыртындағы ер адам. 

Талқылау