Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптестері ракпен ауыратын ұлы үшін жұмысынан кетпек болған ер адамның орнына жасырын жұмыс істеген (фото)

Күйеуі әйелі қайтыс болған соң науқас баласын өзі қарады.

Андреас Граф есімді неміс азаматы науқас ұлының күтімі үшін жұмысынан шығып кетеді. Алайда әріптестері оның орнына жұмыс істеген.

2016 жылы 36 жастағы Андреас Графтың ұлына аққан дерті деген диагноз қойған. Әкесі бар табысын ұлының еміне жұмсайды. Ұлының жанында болу үшін жұмысынан кетуге де арыз жазады. Алайда бастығы қоластындағы қызметкерлерін жинап, оның жағдайын түсіндірген. Сондықтан әріптестері оның жұмыс уақытын бөлісіп алып, орнына өтеп береді. Бұған 650 жұмысшы келісімін берген. Олардың бәрі бірдей науқас ұлдың әкесімен таныс емес болып шықты.

Әріптестері барлығы 3264 сағат жұмыс уақытын өтеген. Бұл 400 жұмыс күні. Бұны естіген Андреас көзіне жас алды.

2018 жылдың ақпан айында Андреас жұмысына қайта оралды. Ол жыл бойы орнына қызмет еткен әріптестеріне алғыс айтты. Олардың жинаған ақшасына науқас баланы емдетті. Енді Юлиус өзін әлдеқайда тәуір сезінеді. Жақын күндері балабақшаға да бармақ. Андреас әріптестеріне өмір бойы риза болып өтетінін айтты.

Тағы оқыңыз:

БҚО-да ағайынды екі бала емі жоқ аурумен арпалысып келеді

Жұмыртқа ұзақ сақталу үшін үшкір жағын төмен қаратыңыз: Асүйге қажетті 15 кеңес

Астанада әкесі 11 жасар қызын аяусыз сабап тастады

Талқылау