Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптестері қайын әпкесін сотқа берген Роза Әлқожаны қолдамады

Жуырда Роза Әлқожа өзінің  Facebook желісіндегі парақшасында “Мен сыйға тартқан орамал” әнін әріптестерінің рұқсатсыз орындап жүргенін айтып ренжіген-ді. Олардың арасында әншінің қайын әпкесі Сұлушаш Нұрмағамбетова да бар екен. Десе де, әнші бүгінде келіні әрі әріптесі Роза Әлқожамен қарым-қатынасының жақсы екенін айтады.

image

Фото: instagram.com/roza_alkozha01/

Бұл туралы Астана арнасыныңЕл аузында” бағдарламасында айтылды.

Роза Әлқожаның “Мен сыйға тартқан орамал” әні әркімге сый болып таралып жатыр. Әншінің бұл төлқұжаты аясында үлкен дау туындаған. Аталған туынды Роза Әлқожаны көкке шарықтатып, ән әлемінде қанат қақтыртқан болатын. Алайда әнші бір кездері бірнеше рет осы әнінен айырылып қала жаздаған. Себебі, Розаның тілімен айтқанда “Мен сыйға тартқан орамал” әнін тонаушылар көбейіп кеткен. Әнші бұл туралы толығырақ өзінің Facebook парақшасында жазды.

Қандай жағдай болса да, Роза бұл әнін ешкімге бермейді. Ол осы әнге бола өзінің қайын әпкесі Сұлушаш Нұрмағамбетованы да сотқа берген екен. Ол әнді өзінің жеке шығармашылық кешінде қырғыз әншісімен орындап шыққан болатын.

“Мен сыйға тартқан орамал” әні алғаш шыққан кезде автордан рұқсат сұрау деген дүние болмайтын. Еркін өскен өнер адамы болғандықтан, рұқсат сұрау дегенді білмейтінмін. Роза маған бірталай ренжіді. “Апа, олай болмайды” деді. Ол әнді қырғыз әншісі Берген Тұрғанмен орындап шықпақ болдым.

Енді әнді кім орындамай жүр қазір. Ол әңгіме сол жерде айтылып, сол кезде-ақ қалған. Оның барлығы уақытша нәрселер ғой. Ара-қатынасымыз жаман емес. Оның үстіне маған келін болып келеді”, – дейді Сұлушаш Нұрмағамбетова.

Бастапқыда өз әнін рұқсатсыз орындағаны үшін Роза әріптесін сотқа берген. Артынша арызын қайтып алған. Десе де, әріптестері әншінің бірден сотқа баруын орынсыз деп тапқан.

“Соттасу дегенді өз басым қолдай бермеймін. Ал рұқсатты міндетті түрде сұрау керек деп ойлаймын. Мұның барлығы бірінші кезекте әншінің жеке мәдениетіне байланысты. Сондықтан тойда орындаса да, бірауыз рұқсат сұрауы керек”, – дейді Өмірқұл Айниязов.

“Меніңше, мұндай жағдайда ренжуге болмайды. Ән ерекше танымалдылыққа ие болған соң халықтыкіндей болып кетеді. Ол әнді халық арасында еркін орындайтын болады”, – дейді Жазира Байырбекова.

Сотқа жүгінуден бас тартса да, Роза Әлқожа әріптестеріне ренжіп жүрген сыңайлы. Себебі ол жуырда бұл әннің өзі үшін қаншалықты қымбат екенін айтып, оны ұрламақ болған әріптестеріне өкпесін жеткізген-ді. Тіпті, әріптестерінің бұл әрекетін “Өзін жорта жынды қылып, елемей қою” деп бағалаған.


Жіберіп алмаңыз:

Роза Әлқожа әкесінің мерейтойына темір тұлпар сыйлады (фото)

Роза Әлқожа күйеуіне тоқал алуға рұқсат берді

Роза Әлқожаның күйеуі тоқал алу “Мәселесіне” қатысты ойымен бөлісті

Роза Әлқожа: Уәдесінде тұрмайтындарға ызаланып жылап алдым

Талқылау