Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптестер лотерея билетіне ақша жинап, миллион доллар ұтып алды

Американың Мичиган штатында тұратын компания қызметкерлері лотерея билеттеріне бірігіп ақша жинап, миллион доллар ұтып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі шетелдік UPI басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әріптестер лотерея билетіне ақша жинап, миллион доллар ұтып алды

«Mega Millions пен Powerball лотереяларындағы джекпот ұлғайған соң, басшымыз ақша жинайық деді. Бізің ақымызды екі есеге ұлғайтуға уәде берді”, – дейді қызметкерлердің бірі. Лотереяға қатысудан компанияның небәрі үш қызметкері бас тартқан.

Ақыр соңында 212 доллар ақша жиналған. Лотерея билеттерін сатып алуға барған әйел қателікпен бар ақшаны Mega Millions лотереясының билеттеріне жұмсаған. Негізінде ол ақшаны Powerball мен Mega Millions билеттеріне теңдей бөлуі керек еді.

Әріптестердің келісімі бойынша, кім қанша ақша өткізгеніне қарамастан, ұтыс теңдей бөлінеді. Бас-аяғы ақша өткізген 21 адам енді 47 600 доллардан алады.

«Әркімнің жоспары әртүрлі. Бірақ көпшілігі туыстарына көмектесуге ниеттеніп отыр. Кеңсе жанында бірнеше жаңа көлік көрсем таңғалмаймын”, – дейді лотереяға қатысқандардың бірі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау