Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптесін атып алған полицей одан торт арқылы кешірім сұрады (фото)

Желіде “Сені тазермен атқаным үшін кешірім сұраймын” деген жазуы бар торттың суреті пайда болды.

nz1.ru_14755896031

Фото: nz1.ru

Полицей әйел адамның салқын шайын тартып алып, сосын оны электро қарумен атқан. Осы қатесін жуып-шаю үшін ол әйелге торт сыйлапты.

Бірақ, торт шынайы болғанымен, полицейдің басынған оқиғасы ойдан шығарылған екен. Шын мәнінде тортты полицей Джэем Мэлони әріптесі Кэти Россты тазермен байқамай атып алғаны үшін сыйлаған. Полицей әріптесінің алдында осылай кешірім сұраған.

nz1.ru_14755896053

2014 жылы 1 қаңтарда Барнстейбл қаласының тәртіп сақшысы шу шыққан жерге келеді. Құқық қорғаушылар айқасқан әкесі мен баласын ажыратады. Сосын баланы ұстауға талпынғанымен, ол сақшыларға қарсылық көрсетеді. Осы кезде тазер қолданған полицей абайсызда әріптесін атып алыпты.

Полиция академиясын тәмамдағаннан кейін алғаш рет түнгі кезекшілікке түскен Кэти Росс әжептәуір жарақат алып, бір ай емделеді.

nz1.ru_14755896042

Сосын Мэлони өз қолымен торт дайындап, әріптесінен кешірім сұрапты.

Талқылау