Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында 2 жасар бала арықтағы суға құлап көз жұмды. Жедел жәрдем 1,5 сағат бойы келмеген

Алматы облысында екі жасар бала лас су жиналған арыққа батып кетті. Анасы екі жасар ұлы Аянды ұйықтатып, өзі аулаға шығып кеткен екен. Бірақ, баланың көшеге жүгіріп шыққанын байқамаған. Сол арада бүлдіршін елді-мекенді бойлай ағатын тесілген ескі кәріз құбырынан аққан лас суға құлап кетіп отыр. Ол лас су арыққа жиналған екен. Бүгінде баласынан айырылған ана егер жедел жәрдем қызметі шақыртуға уақытында келгенде, баланы аман алып қалу мүмкін болар еді дейді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданындағы Қазақстан ауылында болды.

«Біреу жедел жәрдем шақырды. Бірақ, ол бізге бір жарым сағатта әрең жетті. Егер, сол кезде көршілердің бірінде көлік болғанда, біз дәрігерлерді күтпей, баланы ауруханаға өзіміз жеткізер едік. Уақытында жеткізгенде, ол аман қалушы еді»,- дейді бүлдіршіннің анасы сеніммен.

Анасының айтуынша, 2 жасар баланың ауладан жүгіріп шығып, дөңге көтеріліп, арыққа құлап кетуіне бірнеше минут жеткілікті болған. Бұл қайғылы жағдай туралы оған көршісінің баласы айтқан. Аянды серуендеуге ертіп шыққан да сол бала көрінеді. Ал, анасы баласын судан шығарып алған кезде, ол әлі тірі болған. Сол сәтте-ақ, аласұрған ана дәрігерлер келгенге дейін балаға жан бітіруге тырысқан.

Бірақ, шақыртуға келген жедел жәрдем дәрігерлері бүлдіршіннің қайтыс болғанын айтты. Бұл қайғылы оқиғадан кейін жергілікті әкім енді ешкімнің зардап шекпеуі үшін арықты қоршауға уәде берді. Сонымен қатар, ол ата-аналарды балаларын мұқият бақылауға алуға шақырды. 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр