Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аргентиналық «Ривер Плейт» жанкүйері Мессидің бетіне әдейі түкіріп жіберді

«Барселона» футболшылары Йокогама қаласындағы жеңістен соң жайсыз оқиғаны бастан кешірді.

cc97556c06b480b4cdc459590c7a5936_XL

Бұл туралы 24.kz хабарлайды

Токио әуежайында аргентиналық «Ривер Плейт» командасының жанкүйерлері тері басылар-басылмастан Испанияға жолға шыққалы тұрған футболшылардың ар-намысына тиді. Ал жеңіліс тапқан команданың бір жанкүйері жетіп барып, Аргентина тумасы Лионель Мессидің бетіне түкіріп жіберді, деп хабарлайды Marca.

Оқиға әуежайдың төлқұжат бақылауы аймағында тіркелді. Енді болмағанда, шиеленісіп кетуі мүмкін болған жағдайға «Барселонаның» бас бапкері Луис Энрике мен команданың бірнеше ойыншысы араласып, қызуқанды футболшыға басу айтты. Сүйікті командасының ұтылып қалғанына жаны күйген аргентиналықтар әуежайға «ұр да жық» көңіл-күйде жаппай жиналыпты. Олар бір кездері осы аргентиналық «Ривер Плейтте» өнер көрсетіп, тәрбие алған Мессиді жетістіктері үшін кімге міндетті екендігін ұмытқанын айтып, айқай салды.

Талқылау