Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аргентиналық Хатико: стюардесса өзін алты ай бойы күткен итті асырап алды

Аргентинада қаңғыбас ит алты ай бойы стюардессаны күтумен болған. Стюардесса оны қонақ үйдің кіреберісінде тамақтандырып, басынан сипаған.

02989e393de64a
Бұл туралы t.journal.ru хабарлайды.

Германиялық стюардесса Оливия Зиверс Буэнос-Айрестегі іс-сапары барысында басынан өткен қызықты жайт туралы әңгімеледі. Күн сайын германиялық әйелді қонақ үйдің алдында белгісіз ит күтіп тұрған.
ee563c5d3c5fe5
Ақырында ит Зиверстің артынан қалмайтын болған. Стюардесса қайда барса, соның артынан жүрген. Зиверс басқа қалаларға ұшып кеткен кезде ол бірнеше апта бойы қонақ үйдің алдында күткен.

Стюардесса қараусыз қалған жануардың иесін табуға тырысып, итті Буэнос-Айрестегі таныстарына тапсырған. Алайда ит ол жерден қашып кетіп, қонақ үйдің алдындағы сүйікті орнына қайта барған.
1876b3e1a12230

Жарты жылдан кейін Зиверс итті өзімен бірге алып кетуге бел байлады. Тіпті, жануарды Аргентинадан Германияға алып кетуге өтініш те жазды. Жануарды Рубио деп атаған әйел қазіргі таңда онымен бірге түскен суреттерін Facebook-тегі парақшасында жариялап жүр.
8857afeda3b44f8864036b5a25ec

Талқылау