Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аргентинада ұрылар бір қаланы толықтай тонап кетті

Қарулы топ Санта-Фе провинциясындағы шағын қаланы түгін қалдырмастан тонап кетті. Баукеспе ұрылар жергілікті мэрия, банк, пошта бөлімшесі, сот және тіпті, полиция бөлімшесін үптеген.

4554

Сурет blogspot.com

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

1800 тұрғыны бар Бернардо-де-Иригоен қаласын небәрі төрт адам тонаған. Бастапқыда олар полиция бөлімшесіне баса-көктеп кіріп, олардың бүкіл қару-жарағын сыпырып алып, өздерін бір бөлмеге қамап кеткен. Ұрылар барлығы 16 мың АҚШ доллары тұратын дүние-мүлікті тонапты. Олардың ізінен қуған полиция қылмыскердің біреуін атып өлтіргенімен, қалған үшеуі қолға түспей, сытылып кеткен.

Талқылау