Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аргентина құрамасының киім шешетін бөлмесінде түсірілген суреті халықаралық дау тудырды

Венесуэла командасымен кездесуден соң Аргентина құрамасының киім шешетін бөлмесінде түсірілген сурет әлем жұртшылығының назарылығын тудырды.

ерер

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Америка Кубогының ширек финалында Аргентина мен Венесуэла арасындағы матч 4:1 есебімен аргентиналықтардың жеңісімен аяқталды. Алайда әлемде ойынның нәтижесі емес, киім шешетін бөлмедегі аргентиналықтардың суреті үлкен толқу тудырды.

Фотосуретті өзінің Instagram-дағы парақшасына аргентиналық жартылай қорғаушы Эсекьель Лавесси жариялаған. Суреттен байқағанымыздай, құраманың басты ойыншылары Месси, Серхио Агуэро, Гонсало Игуаин, Хаврьер Маскерано және Лавессидің өзі матчтан соң смартфондарына шұқшиып отыр.

Бұл суретке бірнеше сағат ішінде 100 мыңнан астам адам репост жасаған.

Венесуэла құрамасының жанкүйерлері болса, өздері сүйетін команданың матчтан соң фэйр-плей ретінде сыйға тартқан футболкалары еденде шашылып жатқанын байқап қалған. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер аргентиналық футболшыларды сынға алып, аталған елдің шенеуніктері ФИФА-дан аргентиналықтарды спортқа тән емес қылықтары үшін жазалауды талап етті.

Венесуэланың кейбір фанаттары өз наразылықтарын көпшіліктің алдында Аргентинаның туын өртеп, білдірді.

Талқылау