Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аргентина аспанында екі ұшақ соқтығысып қалды

Аргентинаның Буэнос-Айрес провинциясында жеңіл моторлы екі ұшақ соқтығысып, үш адам мерт болды, тағы бір адам ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілді.

2

Сурет tvzvezda.ru

Бұл туралы vesti.ru хабарлайды.

Апат Буэнос-Айрестен 70 шақырым қашықтықтағы Генерал-Родригес қаласының маңында орналасқан ұшқыштар мектебінің аумағында болған. Оқуға арналған ұшақтардың әрқайсысының бортында инструктор мен оқушы болған.

Ұшақтар құлаған орында өрт шығып, 3 адам қаза тапқан, тағы 1 адам ауыр жараланған. Қазір апат орнында өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.

Талқылау