Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әрбір оқушы сүйіп оқитын әлем елдеріндегі 6 пән (фото)

Барлық оқушының сүйіп оқитын пәні болады. Сондай-ақ, оқушының ұнатпайтын пәндері де аз емес. Ал, төменде аталған пәндерді әрбір оқушы қызығушылықпен оқитыны сөзсіз.

8590665-650-1460463760-4

 

Бұл туралы adme.ru хабарлайды.

Башқұртстан: Ара шауруашылығы

Башқұртстанда жүздеген мектепте ара шаруашылығы пәні жүргізіледі. Олардың өз омарталары да бар. Пән негізінде оқушыларға араның ұяларымен қалай жұмыс істеу керегін, балды қалай жинайтынын үйретеді. Бұл пән оқушының сабырлы, әрі ұқыпты болуға да үндейді.

8590715-650-1460463760-2

Израиль: Ғаламторды пайдалану

Уақыт өткен сайын ғаламтор қолданысы артып келеді. Соған орай израильдіктер оқушыларға ғаламтор жұмысын меңгертуді қолға алған. Пән негізінде оқушының ғаламторды қалай пайдалану керектігі, әлеуметтік желілерде өзің қалай ұстау керектігі, пікірді қалай жазу т.б үйретеді.

8590765-650-1460463760-3

Армения: Ұлттық би

Армян халқы үшін ұлттық биі – олардың мақтанышы. 2013 жылдан бері олар мектепке ұлттық би пәнін міндетті етіп енгізді.

8590665-650-1460463760-4

Австралия: Серфинг сабақтары

Австралияның серфинг жасауда үздік танылуы елде осы пәннің енуіне себепші болған. Ел билігі сырттан келген шетелдіктердің австралиялықтардан жақсы өнер көрсетпеуі үшін осы пәнді енгізуге кұлық танытыпты. Бұл пән Гавайда да өткізіледі.

8590465-650-1460463760-5

Жапония: Табиғатпен тамсану пәні

Жапонияда табиғатпен тамсану атты пән бар. Пәннің мақсаты – оқушыны қоршаған ортаны қорғауға үйрету. Компьютер мен өзге де техника көмегімен оқушылар табиғатты аялап ұстаудың небір жолдарымен танысады. Тіпті, емтихан арқылы олардың білімі тексерілетін көрінеді.

Безымянный

АҚШ: ғылыми жаңалықтар

АҚШ-та теория жүзінде оқушыларға сабақ өткеннен кейін оларға үй тапсырмасын беріп, жаңалық ашуды тапсырады. Ол үшін бір жыл уақыт беріледі. Бір жылдан соң сынып алдында оқушылардың жұмысы таныстырылады. Соған қарап жылдық бағалары қойылады.

8590515-650-1460463760-6

 Жіберіп алмаңыз:

Бұған дейін елімізде мектеп оқушыларына Назарбаевтану пәнін оқыту  ұсынылып, қоғамда қызу талқыға ұласқан еді.

Талқылау