Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әрбір асүй ханшайымы жасай алатын сүзбе қосылған 7 таңғы ас

Диетолог мамандардың барлығы толық таңғы астың дұрыс әрі үйлестірілген тағамның негізі екенін айтады.

творог-с-фруктами

Назарларыңызға жылдам әрі оңай дайындалатын сүзбеден жасалған тағамдар ұсынылады. 

Классикалық сүзбе көмеші

9624765-650-1464075199-shutterstock_349666640

Сурет: shutterstock.com

Қажетті заттар:

  • сүзбе (майлылығы 5%-дан кем емес) – 500 г
  • жұмыртқа – 2 дана
  • қант – 3 ас қасық
  • ұнтақ жарма – 2 ас қасық
  • ванилин
  • мейіз немесе басқа да кептірілген жемістер

Дайындалуы:

  1. Жұмыртқаны шайқап, қантпен араластырып, артынша сүзбе мен ұнтақ жарманы қосамыз.
  2. Пісіруге арналған ыдысты сары маймен майлап, кептірілген нан ұнтақтарын себеміз. Қоспамызды салып, бетін тегістейміз.
  3. Қоспаның бетіне еріген сары май құйып, алдын-ала қыздырылған пешке салып, 180 градус температурада 25-30 минут пісіреміз.

Жидекті соус қосылған екі қабатты сүзбе көмеші

9624415-650-1464075199-shutterstock_212194474

Сурет: shutterstock.com

Қажетті заттар:

Бірінші қабаты үшін:

  • майлылығы 5% сүзбе – 750 г
  • жұмыртқа – 2 дана
  • ұнтақ жарма – 3 ас қасық
  • қант – 3 ас қасық
  • ванилин
  • 1 лимонның қабығы

Екінші қабаты үшін:

  • қаймақ – 300 г
  • қант – 50 г

Жидекті соусы үшін:

  • кез-келген жидек түрі– 250 г
  • қант – 2 ас қасық
  • лимон шырыны – бірнеше тамшы

Дайындалуы:

  1. Қант пен жұмыртқаны араластырып, шайқаймыз.
  2. Оған сүзбе, үгітілген лимон қабығы, ұнтақ жарма, ванилин қосамыз. Қоспаны әбден біртектес әрі жеңіл болғанша шайқаймыз.
  3. Пісіруге арналған қалыпқа салып, алдын ала 175 градусқа дейін қыздырылған пешке қоямыз. 20-25 минут көлемінде пісіреміз.
  4. Сүзбе негізі пісіріліп жатқанда, екінші қабаты үшін қаймақ пен қантты шайқаймыз.
  5. Көмеш бетіне қант қосылған қаймақты жағып, тағы да 10 минутқа пешке қоямыз.
  6. Жидекті соусты дайындаймыз: жидектерді жуып, блендермен еземіз де, отқа қоямыз. Қант, лимон шырынын қосып, қанты ерігенше қайнатамыз.

Сүзбе құймағы

9624565-650-1464075199-shutterstock_223617124

Сурет: shutterstock.com

Қажетті заттар:

  • сүзбе – 150 г
  • жұмыртқа – 1 дана
  • ұн – 50 г
  • айран – 300 мл
  • ас содасы – 1/3 шай қасық
  • қант – 1 ас қасық
  • ванилин

Дайындалуы:

  1. Жұмыртқаны қантпен шайқаймыз.
  2. Оған сүзбе, айран, ас содасын қосып, жақсылап араластырамыз.
  3. Ұн қосып, қою қаймақ тәрізді қамыр дайындаймыз.
  4. Алдын-ала қыздырылған табаға ас қасықпен қамырымызды саламыз. Құймақ тез қуырылады. Сондықтан қуыру барысында күйіп кетпеуін қадағалаңыз.
  5. Дайын болған құймақты қаймақпен не тосаппен бірге ұсыныңыз.

Саумалдық және сүзбе қосылған құймақ

9624465-650-1464075199-shutterstock_193905071

Сурет: shutterstock.com

Қажетті заттар:

  • саумалдық – 250 г
  • жұмсақ сүзбе – 250 г
  • жұмыртқа – 2 дана
  • ұн – 2 ас қасық
  • жүгері ұны – 2 ас қасық
  • өсімдік майы – 2 ас қасық

Дайындалуы:

  1. Саумалдықты табаға салып, қайта-қайта араластырып тұрып жұмсарғанша қуырамыз. Артынша ыдысқа салып алып, суығанша қойып қоямыз.
  2. Жұмыртқаларды шайқап, суыған саумалдықпен араластырып, ұн, жүгері ұнын саламыз. Оған сүзбе, тұз қосып, 15 минутқа қалдырамыз.
  3. Қыздырылған табаға ас қасықпен қоспамызды салып, екі жағын 2 минуттан қуырамыз.

Құлпынай және сүзбелі ньокки

9624665-650-1464075199-shutterstock_293723531

Сурет: shutterstock.com

Қажетті заттар:

  • сүзбе – 300 г
  • жұмыртқа – творога дана
  • ұн – 2-3 стақан
  • сары май – 50 г
  • қант – 2 ас қасық
  • кептірілген гүлшетен – 1/3 шай қасық
  • құлпынай немесе басқа да жидектер
  • моцарелла ірімшігі – 50 г

Дайындалуы:

  1. Сүзбені үккіштен өткізіп, жұмыртқа, 25 г еріген сары май, 1 ас қасық қант, гүлшетен мен ұн қосамыз. Жұмсақ қамыр илейміз.
  2. Тақтаға ұн сеуіп, қамырды жіңішке шұжық тәрізді етіп домалақтап, 1-2 см болатын бөліктерге бөлеміз.
  3. Тұз қосылған суды қайнатып, ньоккиді су бетіне қалқып шыққанша пісіреміз.
  4. Соусы үшін құлпынайға 1 ас қасық қант қосып, блендермен еземіз.
  5. Пісіруге арналған қалыпқа ньоккиді салып, құлпынай соусын құямыз. Үстіне қалған сары майды салып, үгілген ірімшік себеміз.
  6. Қызып тұрған пешке қойып, бетіндегі ірімшік ерігенше пісіреміз.

Ірімшікті-сүзбелі суфле

9624715-650-1464075199-shutterstock_422874526

Сурет: shutterstock.com

Қажетті заттар:

  • айран – 1 стақан
  • сүзбе – 200 г
  • ұн – 2-3 ас қасық
  • сулугуни ірімшігі (немесе кез-келген тұздалған ірімшік) – 150 г
  • қатты ірімшік – 150 г
  • жұмыртқа – 3 дана
  • ас содасы – 1/2 шай қасық

Дайындалуы:

  1. Жұмыртқаларды шайқап, айран қосамыз.
  2. Ірімшікті үккіштен өткіземіз.
  3. Жұмыртқа мен айранды үгітілген ірімшікпен араластырып, сүзбе қосамыз.
  4. Ұн мен ас содасын қосамыз. Қою қаймақ сияқты қамыр пайда болуы қажет.
  5. Қамырды пісіруге арналған қалыпқа салып, қыздырылған пеште 45-50 минут пісіреміз. Суфле пісіп жатқанда пештің бетін ашуға болмайды.
  6. Дайын болған суфлені ыстық не салқын күйінде ұсына аласыз.

Сүзбе кекстері

9624615-650-1464075199-shutterstock_129670787

Сурет: shutterstock.com

Қажетті заттар:

  • сүзбе – 150 г
  • жұмыртқа – 3 дана
  • маргарин – 150 г
  • қант – 1 стақан
  • ұн – 1 стақан
  • ас содасы немесе қопсытқыш

Дайындалуы:

  1. Жұмыртқаларды қантпен араластырып, шайқаймыз.
  2. Оған еріген маргарин мен сүзбе қосып, әбден араластырамыз.
  3. Қоспаға ұн, ас содасын саламыз. Қою қаймақ сияқты қамыр пайда болуы қажет.
  4. Кекс пісіруге арналған қалыптарды сары маймен майлап, қамырымызды саламыз.
  5. Алдын-ала қыздырылған пешке қойып, 180 градуста 30 минут көлемінде пісіреміз.
Талқылау