23 жастағы қыз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жылдам пәтерге ие болудың құпиясымен бөлісті

Дүйсенбі, 24 Қазан , 2016 10:04

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 23-жастағы жас клиенті, ақтөбелік Арайлым Мадарова бір ай бұрын ҚТҚЖБ арқылы пәтер алған болатын. Бірақ, банктің Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловпен кездесу барысында басқа қатысушыларға қарағанда сұрақты ең көп қойған осы Арайлым болды.

фото-для-2-статьи-про-вкладчика

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Мен банк басшысына қойған сұрақтар басқа адамдарды да мазалауы мүмкін, тек ол сауалдарды бәрі бірдей қоя алмайды. Мұндай сұхбаттар басқа да салымшылар үшін өте тиімді әрі пайдалы.Иә, әр адам өзі үшін жауап береді ғой, дегенмен де көкейде тұрған сұрақтардың бәрін ашық түрде банк кеңесшілерінен сұрау керек. Мысалы, міне, кейін өкініп қалмас үшін,басқарма төрағасының өзінен сұрап білудің жолы түсті”, – дейді Арайлым.

Ол пәтер алу үшін ақшаны қанша уақыт жинағаны, оған кімдердің көмектескені туралы да айтып өтті.

DSC_4248

“Пәтер көлемі 100 шаршыдай болады. 8 млн-ның теңгенің негізгі бөлігін мен төледім (Арайлым мұнайгаз саласында қызмет атқарады). Және пәтер де менің атымда. Депозитті 2014 жылы сәуір айында ашқанмын. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинағым болғандықтан, басқа банкіден кредит алудың қажеті болмады: артық ақша төлегім келмеді. ҚТҚЖБ-дағы кредит 8,5% – бұл өте жақсы. Үш жылдан кейін (Арайлым әлі жеті жыл төлейді. – Авт.) мөлшерлеме төмен болады, яғни – 5%. Маған ҚТҚЖБ-дағы баллдық жүйе қатты ұнады. Егер адам уақытында және үзбей төлем жасап отырса, ол қалаған нәрсесін алуына болады екен. Бұл туралы бәрі біле бермейді.

Үйдің не кафелі, не линолеумы, не сантехникасы, ештеңесі жоқ. Сол себепті де арзанға түсіп отыр.  Бұл Арайлымға да, ата-анасына да ұнаған. Ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі туралы әу баста көршілерінен кездейсоқ естіп қалыпты.

DSC_4192

“Көршілерім 7 жыл ақша жинады. Солардан естігенім. Менің банкке сенімім ешқашан болған емес. Бір банк кеңесшісі мені бір жыл бойына өздеріне тартуға тырысты. Ал, көршілерім асықпай, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы арзан үйге қол жеткізді. 50%-ын жинады да, кредит алып, жақсы пәтер сатып алды.Егер олар құнсыздануға қарамастан 7 жыл ішінде үй алса, маған да неге алмасқа?”, – дейді ол.

-Банктің сайтына кіріп көрдің бе?

– Жоқ. Көршілерім қоныстойына шақырды, үйлерін көрдім, бағасы, талаптары туралы біліп алдым. Мұның жақсы мүмкіндік екенін түсіндім. Депозит ашуыма 10-ақ минут уақытым кетті. Оның үстіне, сіздің үйіңізге келе алатын мобильді кеңесшілер де бар. Карточкам арқылы ақша салып отырдым. Төлем жасау үшін Банкке барудың еш қажеті жоқ, жұмыс орнымнан ақ төлеп отырдым.

– ҚТҚЖБ туралы көршілерің болмағанда білмес пе едің?

– Еститінмін. Бірақ, егжей-тегжейлі білгем жоқ. Бәлкім, банкттің жарнамасы әлсіз шығар. Кейін, кейбір әріптестерімнің де осы ҚТҚЖБ салымшылары екенін білдім. Менен кейін екі құрбым да осы банктен депоизттерін өз шоттарын ашты. Мен де, олар да өзіміз үшін тұрғын үй алудың тиімді жолын таңдадық деп ойлаймын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
16 күні 22 сағат кері

Қандай сұрақ қойды соны толық жазбаған. Түсінбедім, банкті мақтап жарнама жасаған сияқты бұл қарындасым.

Анонимно
1 ай 14 күні кері

Тусинбедим

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар