Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арайлым Бегділдә  бокстан әлем чемпионы атанды (фото,видео)

Үндістанның Гувахати қаласында өткен қыздар арасындағы бокстан  әлем чемпионатында қазақ қызы Арайлым Бегділдә өз қарсыласын жеңім чемпион атанды,-деп жазды vesti.kz.

Ол финалда Ресейден келген спортшы  Анатасия Рыбакты тізе бүктірді. Ресей чемпионы атағына ие Рыбак алғашқы минуттарды қазақ қызынан басым түсіп кележатқан. Соңына таман Арайлым күшін сақтаған болса керек, қарсыласына соққыларын өткізе түсті.

Жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының атынан  он боксшы қыз шаршы алаңға шықты. Ширек финалға сегізі шықса, жартылай финалда бесеуі бақ сынады.

Жансая Балтабекова (60 келі) мен Жансая Әбдіраимова (51 келі) жартылай финалда қарсыластарына жол беріп, қола жүлдегер атанса, Дина Исламбекова (+81 келі), Жазира Орақбаева (48 келі) күмісті қанағат тұтты.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау облысының әкімі жол апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

Желіде қазақстандық көгілдірлердің көңіл көтеріп жатқан кездегі видеосы тарап кетті (видео)

Алматы облысы тұрғыны бірнеше ай бойы әйелін үйде қинап ұстап, жәбірлеп келген

Алматы облысы полицейлері 7 бірдей секс-притонды әшкереледі

Талқылау