Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Арай” тобы тыңдармандарын жаңа бейнебаянымен қуантты (видео)

“Арай” тобы екі айлық кезекті демалыстан кейін сахнаға қайта оралды. Әншілер демалыс кезінде “Арман-ай” атты әнге бейнебаян түсіріп үлгерген екен.

Ky2zmZcdlYA

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Аталған бейнебаянның түсірілім жұмыстары Қазақстанның бірнеше облысында жүргізілген. Видеодан таулы өлкені, жазық даланы, теңіз бен шөлді аймақты да көруге болады.

Бейнебаян арнайы сюжетке құрылмаған: әсем ән, мотоцикл, қыздар. Естеріңізге сала кетсек, әншілер соңғы рет ағымдағы жылдың ақпан айында жаңа бейнебаян ұсынған болатын. “Жоқ деме” атты туындылары лирикалық болса, “Арман-ай” атты әндері жылдам ырғақты келеді.

Екі күн ішінде бейнебаянды 3000-ға жуық адам көріп, оң бағасын берген.


Жіберіп алмаңыз:

Динара Сұлтан кезекті бейнебаянына сүйіктісін түсірді (видео)

Ноғай әншісі Қайрат Нұртастың хит әніне бейнебаян түсіріп алған (видео)

Жанболат пен Жазира тыңдармандарын жаңа бейнебаяндарымен қуантты (видео)

Артұр Төлепов Америкада түсірген бейнебаянын сүйіктісіне арнады (видео)

Талқылау