Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арам ойы болмаған: Полицейлерді балағаттаған “Қарағанды аруы” жазадан сытылып кетті

Биылғы жылдың көктемінде полицейлерді балағаттаған 2015 жылғы «Қарағанды аруының» үстінен қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда ол өз әрекеті үшін жазаға тартылмайтын болды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Рената Нұрғазина

Рената Нұрғазинаға қатысты қылмыстық іс бойынша оның сөзін зерттеген сарапшылар айды аспаннан бір-ақ шығарды. Олардың тұжырымышна, полиция қызметкерлерін қызтекеге теңеген «Қарағанды аруының» арам ойы болмаған және эмоцияға берілген. Осылайша, ару жазаан сытылып кетті.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың  8 наурыз күні Рената Нұрғазина жол полициясының құрығына түскенін айтып, желіде видео жариялаған еді. «Достар, сенесіздер ме, мені 8 наурыз күні полиция тоқтатты», – деген бойжеткен аталған кадрдың тұсына бейәдеп сөз жазып, полицйелерді қызтекеге теңеген. Артынша оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау