Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Араққа сылқия тойып алған ерлі-зайыпты немересін жанып тұрған пешке тастаған

Ресейде ерлі-зайыпты араққа сылқия тойып алып, 11 айлық немересін жанып тұрған пешке тастаған. Салдарынан сәби қайтыс болды.

Араққа сылқия тойып алған ерлі-зайыпты немересін жанып тұрған пешке лақтырып жіберген

Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитетінің сайтында хабарланды, деп жазады Stan.kz.

Оқиға 29 қаңтарда Хакасиядағы Харой аулында орын алған.

Тергеу мәліметінше, сәбидің 18 жастағы анасы көрші ауылға кетіп, баласын ата-әжесіне қалдырыпты.

«Күдіктілер  мас күйінде немересін өлтірген. Ыстықтан күйіп қалған баланың денесі пештен табылды», – делінеді хабарламада.

Күдіктілер тұтқындалып, Қылмыстық кодекстің «Кішкентай баланың дәрменсіз халін пайдаланып өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды.

«РИА Новости» мәліметінше, республиканың балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Ирина Ауль оқиғаны айрықша бақылауына алғанын мәлімдеді.

Аульдің сөзінше, күдіктілердің 4 баласы бар. Олардың үшеуі ересек, ал біреуі – 8-сынып оқушысы. Қазіргі уақытта ол үлкен ағасының қолында тұрып жатыр.

Бүгінгі таңда оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр