Алматы облысының екі мас тұрғыны шекара астын қазып өткен

Жұма, 20 Қараша , 2015 17:26

«Шонжы» шекара отрядына қарасты «Текес» шекаралық заставасында ағымдағы жылдың 19- қарашасында электрлі дабыл кешенінің асты қазылып, одан өткен адам іздерінің мемлекеттік шекараға қарай бағытталғандығын анықталды” – деп хабарлайды STAN.kz.

3d09f0fcb8c4d8b87809327eb472fe7c_big

Электрлі-дабыл жүйесінің (ЭДЖ) қазылған жерін одан әрі зерттеу нәтижесінде, біздің елге қарай қайтадан беті бүркемеленген сол жерден шыққан іздер анықталды. Ұйымдастырылған іздестіру шараларының нәтижесінде   Қызыл шекара ауылының 46 және 30 жастағы 2 тұрғыны ұсталып, кінәларын мойындады.

Қарашаның 18-нен 19-на қараған түні аталған ауылда бұл жұп, кішісі Елдардың үйінде арақ ішеді. Әбден мас болған кезде ойларына шекараның бойында электрлі дабыл беру кешенінінің арғы жағында 200 метрдей қашықтықтағы қыстақта тұратын Берік есімді азаматпен мал сатып алу үшін келісім жасау түседі.Бұлар күрек алып барып, ЭДЖ-нің астын қазып өтеді. Текес заставасынан шыққан автокөліктің жарығын көре сала, шекарашылардың өздерін құтқармайтындығын түсініп, кірген тесіктерінен қайта өтіп, ауылға қарай қашады. Қайтарында екеудің үлкені Түлкібай, ағаш бұтағымен өздерінің қайта шыққан іздерін сыпырып, «қулық» жасап кетеді. Жол-жөнекей күректерін лақтырып, үйлеріне қайтқан бұларды шекарашылар жылы «төсектерінде» ұстады.Енді «көңілді жігіттер» заң алдында жауап беретін болады.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар