Қазақтың түйелеріне қызыққан арабтар Қызылордадан түйелерді ұшақпен әкетуде

30 шақты түйе ұшақпен Қызылордадан Біріккен Араб Әмірлігіне жіберілді. Араб кәсіпкерлері қазақтың түйелері қызығып сұрау салған, деп жазады Қазақпарат.

Арабтар Қызылордадан түйелерді ұшақпен әкетуде

«Жеңіс» шаруа қожалығының басшысы Есет Серімов түйелеріне араб бизнесмендерінің көзі түсіп сұрау салғанын айтты.

“Араб кәсіпкерлері «Бір туған нар» деп аталатын түйе тұқымын, айыр өркешті асыл тұқымды түйелерді алды. Араб әмірлігі ыстық, құмды шөлді келгендіктен көбіне түйе өсіреді. Біздің өңірдің табиғаты арабтардың табиғатына ұқсайды. Сондықтан бизнесмендері біздің түйелерге қызығушылық танытып отыр”, – дейді Есет Серімов.

Бір туған нар тұқымы айыр өркешті мен түркімендік түйелерді будандастыру арқылы алынған.

Араб байлары осы қожалықтан 20 бас, басқа шаруалықтан 9 бас түйе алған. Алдағы уақытта Қазақстанға келіп, тағы сауда жасайтын жоспары бар. Олар ірі қараны ұшақпен тасымалдайды.

Қызылорда облысынан араб кәсіпкерлері 100 түйе сатып алған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар