Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әр өңірде әйелдері болған: Құпия әйелдері күйеуінің өтірігін әшкереледі

Қытайдың Цзянсу провинциясының Куньшань қаласында көп әйел алған азаматтың өтірігі әшкере болды.

Азаматтың үш өңірде әйелдері болған. Ол іс-сапарға кеттім деген сылтауме әр әйеліне барып жүреді. Оның үш әйелінен де баласы бар.

Жылжымайтын мүлік агенті болып жұмыс істейтін азамат алғаш рет 2015 жылы некеге отырады. Соңғы үш жыл ішінде тағы екі рет құпия түрде үйленеді.

Бұл жайлы екінші әйелі біліп қалады. Ол күйеуінің өзге әйелмен хат жазысқанын байқап, соңына түседі. Ақырынды бірінші әйелін тауып, мән-жайды түсінеді. Күйеуінің үнемі белгілі бір нөмірден келген хабарға жауап бермейтінін де күдігін туғазады. Бұл нөмірге хабарласқанда бейтаныс әйел азаматтың үшінші әйелі болып шығады.

Осыдан соң бірінші әйелі ажырасуға арыз жазады. Екі әйелі полицияға арыз жазады. Ер адамның үш некеге тұрғаны белгілі болды. Әр провинцияның ортақ базасы болмағандықтан некеге тіркейтін қызметкерлер бұл жайлы білмеген. Үш әйел алған азамат екі жылға дейін сотталуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау