Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әр қазақтың баласы білуі тиіс дала заңдары

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов қандай жағдайда кімге не беру керек және кімнен не сұрау керектігін жіпке тізіп берді. Айтуынша, еш жерде жазылмаған даланың бұл заңдарын әр қазақтың баласы білуі тиіс.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сонымен ЖАЗЫЛМАҒАН ДАЛА ЗАҢЫ

БЕРУ КЕРЕК:

Үлкенге – сәлем,
Қуантқанға – сүйінші,
Қуанышқа – шашу,
Соғымнан – сыбаға,
Егіннен – кеусен,
Балаға – базарлық,
Киімге – байғазы,
Сәбиге – көрімдік,
Төркіндеген қызға – қалауын,
Жаңа көршіге – ерулік,
Досқа – естелік,
Жетімге – қолқайыр,
Мүсәпірге -садақа,
Байлықтан – зекет
Тойға – сияпат,
Жас босанған анаға – қалжа,
Сағынғанға – сәлемдеме береміз.

СҰРАУ КЕРЕК:
Үлкеннен бата
Аңшыдан – сыралғы,
Сырқат жанның – көңілін,
Қарттың – қал-жағдайын,
Жетімнің – жай-күйін.

Жіберіп алмаңыз:

Маржан Арапбаева мен Бүркіт “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атанды

Мақпал Жүнісова 20 жас үлкен күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің өзін қалай баурағанын айтып берді

Жандарбек Бұлғақов бірнеше жыл бойы айтыстан шеттетіліп келгенін айтты

Ернар Айдар жұбайының мамандығын білмей, ұятқа қалды

Талқылау