Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әр қазақстандық азамат банкке 400 мың теңгеден аса қарыз

Еліміз бойынша несиені ең көп алатындар алматылықтар, деп хабарлайды КТК.

Мұнда әрбір борышкер орташа есеппен 447 мың теңге төңірегінде банкке қарыз. 2017 жылдың қыркүйек айының соңына дейін жеке тұлғаларға берілген тұтынушылық несиелер көлемі 2,9 триллион теңгені құрады. Ол дегеніміз алдынғы жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық. Бірінші орында алматылықтар.

2017 жылдың қыркүйек айының соңына дейін жеке тұлғаларға берілген тұтынушылық несиелер көлемі 2,9 триллион теңгені құрады. Ол дегеніміз алдынғы жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық. Бірінші орында алматылықтар. Олар қаржы ұйымдарына 83,6 млрд теңге берешек. Тізімде екінші боп Қарағанды тұр. Бұл қаланың тұрғындары банктан 32 млрд теңгені қарызға алған.

Алғашқы үштікке Астана да кіріпті. Елордалықтар 31 млрд теңгеге жуық несие алған. Ал банкке қарыз сұрауға ең аз жүгінетіндер теріскейліктер екен. Солтүстік Қазақстандықтар алған кредит көлемі  4 млрд 700 млн теңгеге жуық.

Тағы да оқыңыз:

Оралда күйіп қалған жүкті әйелдің құрсағындағы шаранасы шетінеп кетті

Жетімдер үйінде өскен жігіт анасын қалай тапқанын айтып берді

Ғалымдар 2018 жылдан бастап қуатты жер сілкіністерінің болатынын ескертті

Талқылау