Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Туған жерін көргіміз келеді": Димаштың концертіне келетін шетелдіктер Ақтөбеге қонаққа барады

Димаш Құдайбергеннің Нұр-Сұлтанда өтетін концертіне орай отандық туроператорлар «Димаштур» деген атпен саяхат ұйымдастыратын болды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Елордада өтетін Димаштың концертіне шетелден келетін қонақтар өнер иесінің туған жері Ақтөбені көргісі келетінін айтты. Осыған орай облыстық туризм бөлімі мәлімдеме жасады. Облыстық кәсіпкерлік басқармаға қарайтын туризм бөлімінің басшысы Жанна Баймұхамбетова тереңірек айтып берді.

«Қазақстандық туроператор «Қазақтуризм» ұйымы шетелдіктер үшін Алматы-Ақтөбе-Астана деген бағытта «Димаштур» атты саяхат ұйымдастармақ. Әр қалаға екі күн кетеді. Димаштың концерті 29 маусымда Астанада өтеді. Қазірдің өзінде шетелдіктер билет сатып алып жатыр. Бейресми деректерге сәйкес, 1,5 мың турист келеді деп жоспарланып отыр. Солардың ішінде белгілі бір бөлігі туроператорлардан Димаштың туған өлкесі жайында сұрап жатыр», — деді Жанна Баймұхамбетова.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін концертіне келетін шетелдіктер Ақтөбені де көргілері келеді, деп хабарлайды облыстық туризм бөлімі. «Қазақстандық туроператор «Қазақтуризм» ұйымы шетелдіктер үшін Алматы-Ақтөбе-Астана деген бағытта «Димаштур» атты саяхат ұйымдастармақ. Әр қалаға екі күн кетеді. Димаштың концерті 29 маусымда Астанада өтеді. Қазірдің өзінде шетелдіктер билет сатып алып жатыр. Бейресми деректерге сәйкес, 1,5 мың турист келеді деп жоспарланып отыр. Солардың ішінде белгілі бір бөлігі туроператорлардан Димаштың туған өлкесі жайында сұрап жатыр», — деді облыстық кәсіпкерелік баскармаға қарайтын туризм бөлімінің басшысы Жанна Баймұхамбетова.

Публикация от Aktobe Zello - Official Page (@aktobe_zello)

Әлемді дауысымен мойындатқан Димаш Құдайберген осылайша Қазақстандағы туризмнің дамуына үлес қосуда.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр