Әр елдегі таңқалдырарлық тыйым салынған жағдайлар

Сейсенбі, 29 Қараша , 2016 10:07

Әлемнің әр елдерінде түрлі-түрлі тыйым салынған дүниелер бар. Олардың кейбірі расында таңқалдырарлық болып шығып жатады.

emo-stil

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

Грекия: компьютерлік ойындар

1473445360_igrok

Фото: kremlinpress.com

2002 жылы Грекия барлық электронды ойындарға тыйым салды. Мемлекет осы арқылы жастарды құмар ойындардан алыстатуды көздеген.

Қытай: Уақытқа саяхаттау

Бұл елде саяхаттаудың өзіне емес, оның экранда суреттелуіне тыйым салынған. Мемлекетте ежелгі замандарға саяхат жасайтын фантастикалық сериалдар көбейіп кеткен. Сосын үкімет олардың санын шектеу мақсатында, ондай мәндегі сюжеті бар фильмдерге тыйым салады. Билік бұл фильмдер арқылы “түрлі аңыздар туып, бұл халықтың санасына ықпал етеді” деп санайды.

Ресей: “эмо” стилі

emo-stil

Фото: SlyGod.com

2008 жылы “Рухани және әдеби білім бойынша мемлекеттік стратегия” деп аталатын құжат аясында Ресей жастар арасындағы эмо-мәдениетті шектеуге алуды бастады. Құжатта эмо-мәдениет өкілдері “металл белбеу тағынып, жылтырақ аяқ киім киген, сырға таққан, пирсинг жасатқан, алабажақ стилді адамдар” ретінде суреттеледі. Бұл “қарама-қайшы идеология тудырады” деген билік, бұл мәдениет жастар арасында күйзелістің кең таралып, суицидке итермелейді деп сескенген. Алайда бұл тыйым салу Ресей мен әлем бойынша эмо стилді қолдайтын жастардың жаппай толқуына алып келді.

Қытай: реинкарнация

reincarnaciya.proshlaya-zhisn_mini

Фото: journal.reincarnationics.com

Бұл көбіне тибет буддаларында жүзеге асырылатындықтан, Қытай билігі бұл тыйымды Далай-Ламаның әсерін кеміту үшін істеген.

Куба: ұялы телефондар

8058e1ae8a4d9a918b23d0ae435f89e1

Фото: flagman-travel.ru

Елді Фидель Кастро басқарып тұрған кезде, елдегі бірқатар азаматтар ұялы телефон ұстады. Оның өзінде мұндай құқыққа шетелдік компанияларда, партияның жоғарғы лауазымында отырғандар ғана ие болды. Алайда 2008 жылы билік басына Рауль Кастро келгеннен кейін, ол бұл тыйымның күшін жойды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
06.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар