Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әр бұрышты еркін тазалайтын шүберекті дайындау тәсілі

Әр адам үйінің іші мұқият әрі тап-тұйнақтай таза, қонақтар үшін ыңғайлы болуын қалайды. Үй ішіндегі тазалықта ерекше мәні бар шүберекті қалай дайындау керек дегенге, аздаған кеңесті ұсынамыз.

4441111

Бұл туралы adme.ru хабарлайды.

Бұл шүберекпен адам қолы жетуі қиын кез-келген бұрышты тазалап, әрі тазалық шарасын көңілді өткізуге болады.

Ол үшін керекті заттар:

1 стакан жылы су
1 шәй қасықпен сұйық крахмал
140 грамм ПВА желімі
Астың түсін келтіретін бояғыш
Араластыру үшін табақ

Дайындалуы:

Алдымен крахмалдың 1/2 бөлігін жылы суға мұқият салу керек.

Табаққа желім, судың 1/2 бөлігі, ас бояуының бірнеше тамшысын тамызып, араластырыңыз.

Табаққа желіммен және бояумен бірге крахмал ерітіндісін салыңыз. Оны қолмен араластыру қажет. Араласқан заттар пластикалы, құрғақ әрі қаттыға айналмайынша араластыруды тоқтатпау керек.

Дайын! Енді тазалықпен алаңсыз айналысуға болады. Кеңес: Мұндай шүберекті ауа кірмейтін, саңылауы жоқ орында сақтаған дұрыс.

Талқылау