Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аптасына 620 мың доллар жалақы алатын футболшы бір жылдан бері бірде-бір гол соқпаған

Бір жыл бұрын Қытай чемпионатына ауысқан танымал аргентиналық шабуылшы ешқандай ресми ойында нәтижелі голмен көзге түсе алмаған.

1788977-37776831-2560-1440

Франциялық “ПСЖ” клубынан қытайлық “Хэбэй Форчун” клубына ауысқан аргентиналық Эсекиэль Лавесси әлемдегі ең жоғарғы жалақы алатын футболшы атанған еді. Осындай ерекше атағына қарамастан, футболшы соңғы бір жылда бірде-бір гол соқпаған.

Лавесси 2016 жылғы маусымда Америка кубогының жартылай финалында АҚШ құрамасына қарсы ойнап қолын сындырып алды. Осы жарақатының кесірінен қытайлық команда сапындағы негізгі орынынан да айырылған. Жарақатымен алысып жүріп небәрі 10 ойынға ғана қатыса алған шабуылшы, нәтижелі голмен көзге түсе алмады.

Ол қазіргі таңда әлемдегі ең жалақысы жоғары футболшы. Лавесси аптасына 577 мың евро (620 мың доллар) алады.

Оқи отырыңыз:

Жақиянов WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды

Қанат Исламның жекпе-жегін қайдан тамашалауға болады?

Қазақстандық спортшылар Универсиада-2017-де қанша табыс тапты?

Криштиану Роналдумен “байланысы бар” деген кикбоксшы екі жылға сотталды

Талқылау