Аптасына 200 мың доллар алатын “Манчестер Юнайтед” футболшысы өз жалақысына наразылық танытты

Сейсенбі, 26 Сәуір , 2016 10:34

Футболдан Испания құрамасы мен ағылшындық “Манчестер Юнайтед” клубының жартылай қорғаушысы Хуан Мата өзінің тым көп жалақы алуы, оны еш қанаттандырмайтынын айтты.

ыфц

Сурет sport-xl.org

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

“Матчқа кіру үшін адамдар 40 фунтқа (19 мың теңге) билет сатып алуы керек. Бұл ешқандайда арзан ақша емес. Адамдардың қазіргі футболға көңілдері толмайтынын түсінемін. Өйткені футбол бизнеске айналып кетті. Бұл маған да ұнамайды. Адам сенгісіз ақша тапқанымызға қарамастан, бос қиялдың ішінде өмір сүретін секілдіміз. Маған қарағанда менің досымның өмірі шынайы: жұмыс істейді, жәрдемақы алады, жұмыссыз қалса тағы да іздейді. Бұл қалыпты өмір”, – дейді футболшы.

27 жастағы испаниялық футболшы өзінің жалақысын қысқартатын болса, онда бұл ұсынысты қуана қабылдайтынын да жеткізді.

“Мен футболды жақсы көремін. Бұл тамаша ойын. Бірақ, осы керемет ойынды бизнес ретінде қабылдай алмаймын. Жаттығу жасау әрі өзгелермен жарысу маған қатты ұнайды. Егер, футболға бизнес араласпай біздің айлығымыз төмен болса, бұл мені тек шабыттандырушы еді”, – дейді Хуан Мата.

Испаниялық талантты ойынша “МЮ”-ге “Челсидан” 2014 жылдың қаңтар айында ауысып келген. Сол уақыттан бері барлық турнирлерде 34 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

Қазіргі таңда Матаның “Манчестер Юнайтед” сапындағы алатын жалақысы аптасына 150 мың фунт шамасында (217 мың доллар). Келісім-шарт 2018 жылдың жазында аяқталады.

«Манчестер Юнайтед» – әлемдегі ең қымбат клубтардың бірі болып саналады. Ойыншылардың жалақысына бұл да өз әсерін тигізсе керек.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар