Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аптап ыстықтан Алматыға сел қаупі төніп тұр

Аптап ыстық адамдарды әбігерге салуда. Қазір елдің оңтүстігі мен батысында күннің көзі күрт көтерілді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында сынап бағанасы 43 градустан асқан. Аңқаны кептірген аптап ыстықта денсаулығы сыр бергендер де көбейіп жатыр. Ал Аламтыда тіпті тау бөктеріндегі мұз еріп, сел болуы мүмкін деген қауіп бар. Бұл туралы КТК хабарлайды.

вмвмвмвм

Дәл осындай жағдай Қазақстан аумағында соңғы рет 2012 жылы тіркеліпті. Ыстықтың күшейгені еліміздің оңтүстігінде бірден байқалған. Астанада айтарлықтай емес, бірақ кей жерлерде 28 градусқа жуықтаған. Әсіресе қатты қапырықтан Қызылордада қан қысымы көтеріліп жатқандар көп. Жергілікті жедел жәрдем ауруханасына түскен қоңырауларда есеп жоқ.

“Соңғы екі үш күнде Қызылорда қаласында күннің қатты ысуына байланысты жүрек-қан тамырлары ауруларының көптеп келіп түсуі байқалуда. Бізде енді қазір қалалық аурухана аптаның 4 күнін жедел жәрдемін қабылдап отырмыз. Бұрынғы күндермен салыстарғанда екі есе өсіп отыр”, –  дейді кардиолог Жанар Сұлтанбекова.

Жамбыл облысында күннің күрт ысуынан барлық қызметтер көпшілікке жедел түрде көмек көрсетуге әзір. Тараздағы «Зербұлақ» көлінде таңның атысы, күннің батысына дейін адам үзілмейтін көрінеді. Мұнда құтқарушылар мен дәрігерлердің кезекшілігі де ұйымдастырылған. Қапырықтан қашқан қала тұрғындары ыстықты суға түсіп қана басамыз деп отыр.

“Балалар казір жазғы демалыста. Үйде отыру мүмкін емес мынандай ыстықта. Сол себепті осындай көлдерге келіп, болмаса хауыздарға барып шомылмасақ болмай кетті”, – дейді Тараз қаласының тұрғыны Асылбек Имандосов.

Шомылу маусымы басталғалы бері еліміздегі 184 адамның ажалы судан болған. Оның 68-і балалар. Жыл сайын ескерту жасалып, қанша алдын алу шаралары жүргізілсе де суға кеткендердің саны кемімей келеді. Мына ыстыққа байланысты. Мамандар тұрғындарға шілденің соңына дейін көшеге көп шықпауға кеңес береді

“Ата-аналарға айтарымыз – балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Білмейтін жерге ішіп алып шомылмаңыздар. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаңыздар. Өкінішке қарай, биыл екі бүлдіршін суға ағып мерт болды”, – деді Тараз қаласы төтенше жағдайлар департаментінің инженері Дархан Жапаров.

Ал аптап ыстықтан Алматыдағы таулардың басындағы мұз еріп, одан аққан су көлшіктерге құйылуда. Осы себепті, Қазгидрометтегілер дабыл қағып алматылықтардың ұялы тефонына сел жүруі мүмкін деген үрейлі хат жолдаған. Дегенмен, олар барлығын бақылауда ұстап отырмыз дейді.

“Қазгидромедтің штармовойна байланыста күн ысуына берілген бізде теңіз деңгейінен 3600 метрде орналасқан көлдерде атап айтатын болсақ. 13-6 көлдерде ауа температурасы 13 градусқа дейін көтеріліп тұр. Мұздықтардың еруі бұрынға қарағанда жиілеп тұр. Насостар арқылы, біз орнатқан сифондар арқылы көлдер арнасынан босатылды”, – дейді «Қазселденқорғау» ММ Алматы қалалық пайдалану басқармасының бастығы Самат Дәуленканов.

Синоптиктер елді қинаған қапырық енді қай уақытқа дейін созылатыны жайында нақты айта алмай отыр. Жоқ дегенде, шілденің соңына дейін күннің көзі қайтпайтыны анық.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте шығарылған ойыншықтар шетелде сатылатын болды

Жаркентте құлаған ұшақта мерт болған азаматтың артында бес баласы қалды

Қазақстан азаматтарының шетелде діни білім алуына шектеу қойылмақ

Астана тұрғыны жас қызды өзінің досына 50 мың теңгеге сатып жіберген

Талқылау