Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Apple Samsung-тан $180 млн төлеуді талап етті

Apple патентке қатысты дау аясында Samsung-тан  $180 млн төлеуді талап етті. Бұл туралы The Verge жазды.

Apple_11

Басылым атап өткендей, Samsung  өндірген бес жабдықтан тиген залалды америкалық компания осы сомаға бағалады. Айта кетейік, бұл жабдықтар екі компания арасындағы сот дауының Apple пайдасына шешілген соң сатылымға қойылды. 2012 жылы сот алғаш рет оңтүстіккореялық компания Apple-дің патенттік құқығын бұзғанын мойындаған.  Желтоқсан айында Samsung в $548,2 млн төледі.

Apple наразылығын тудырған жабдықтар айтылмады. Өйткені соттың бірқатар материалын көпшілікке таратуға болмайды.

Компаниялар АҚШ-тан тыс соттасуды доғаруға келіскеніне қарамастан, Samsung 2012 жылы шыққан үкімнің әділдігіне күмәнданып, істің қайта қаралуына талпынып жатыр.

 

 

 

Талқылау