Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Apple қызметкерінің баласы iPhone X туралы мəліметтерді жариялағаны үшін жұмыстан кетті

Apple компаниясының қызметкері құпия ақпаратты жұртқа жария еткені үшін жұмыстан қуылды.

Бұл туралы The Verge порталы хабарлайды.

Аталған компанияда жұмыс істейтін қызметкердің туған қызы оның жұмыс орнын көру үшін әкесімен бірге еріп барған. Сол жерде жүріп әлі сатылымға шықпаған iPhone X телефонын видеоға түсіріп, желіге таратып жіберген. Осыдан кейін құпиялылық шартын бұзған Apple қызметкері жұмыстан қуылған.

Қызметкердің қызы Брук Амелия түсірген видеосында телефонның жаңа нұсқасының артықшылықтарын көрсетіп үлгерген. Мұнымен қатар, видеодан Apple қызметкеріне берілген  жасырын QR-кодтарды көруге болады. Брук Амелия бұл ісінің салдары туралы білмегенін айтып ақталды. Ал iPhone X сатылымға 3 қараша күні шағыда деп күтілуде.


Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда әйел-таксистің өліміне қатысы бар жаңа күдіктілер ұсталды

Алматылықтар «Арман» кинотеатрының маңындағы төбелестің куәсі болды (видео)

Оңтүстік тұрғындары күз мезгіліне қарамастан суға түсіп жүр (видео)

Әйелімен ұрсып қалған Астана тұрғыны аялдаманың шынысын сындырды

Талқылау