Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Apple iPad-тың жаңа түрін шығарды

Apple корпорациясы корпусы қанық қызыл түсті iPhone 7 және 7 Plus телефондары мен жаңа iPad жасап шығарды. Олар 24 наурыздан бастап сатылымға шығады.

_95253154_rediphone

Бұл туралы BBC жазды.

Смартфондардың бағасы шамемен 1-1,2 мың АҚШ долларын құрайды.

Осылайша компания СПИД-ке қарсы күрес бағдарламасымен 10 жылғы серіктестігін атап өтуде.

Жаңа топтамадан түскен пайданың жартысын компания СПИД-ке қарсы күрес қорына аудармақ. Сондай-ақ, қаржының бір бөлігі ВИЧ инфекциясының таратылуын тоқтату бағдарламасына және зерттеу жұмыстарына берілмек.

“Біз 10 жылдан бері RED жобасы мен оның ВИЧ пен СПИД-ке қарсы бағдарламасын қолдап келеміз. Осы бағдарламалар аясында тексеру және кеңес беру жұмыстары атқарылады, сондай-ақ, жүктілік кезінде инфекцияның балаға берілуін алдын алатын дәрілер таратылады», – делінген компанияның баспасөз релизінде.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, Apple компаниясы осындай тәсілмен өз өніміне деген көзқарасты одан сайын жақсарта түспек.

Айта кетейік, бұдан бөлек iOS-қа арналған жаңа қосымша мен жаңа iPad-тың жарыққа шыққаны хабарланды. Оның дисплейі 9,7 дюймді құрап отыр.

Ал Clips қосымшасы адамдарға қысқа бейнероликтерді өздігінен монтаждауға мүмкіндік береді.

Жіберіп алмаңыз:

Қырғызстан президенті Атамбаев ата атанды

Селфи жасамақ болған қытайлық азамат құздан құлап кетті (видео)

Қазақстан бақытты елдер арасында нешінші орынға ие?

Араб шейхтары канадалық мұғалімге миллион доллар сыйлады

Талқылау