Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әпкесінің тойында өзі ұнатқан көйлекті кигісі келген бойжеткен қатты арықтап, ауруханадан бір-ақ шыққан (фото)

Британиялық бойжеткен әпкесінің тойында қызжолдас болғысы келіп, өзіне ұнаған көйлекті кию үшін анорексияға душар болған.

Әпкесінің тойында өзі ұнатқан көйлекті кигісі келген бойжеткен қатты арықтап, ауруханадан бір-ақ шыққан

Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Үлкен Манчестер графтығының Олдем қаласында тұратын Кэти Смит 41 келіге дейін арықтаған. Ол үшін қыз 15 жасында күніне 100 калория тұтынып, тәулігіне іш жүргізетін дәрінің 40 таблеткасын қабылдап, әлсірегенше жүгірген. Осылайша ол 28 келіге арықтап, тек балалардың киімін киюге мәжбүр болған.

Әпкесінің тойында өзі ұнатқан көйлекті кигісі келген бойжеткен қатты арықтап, ауруханадан бір-ақ шыққан (фото)

Бойжеткеннің сөзінше, ол өмірінде S өлшемінен жоғары киім киіп көрмеген. Ол тұрақты түрде жүзумен айналысқандықтан, бұлшық еттері мығым болып, салмағы 70 келіге жеткен. Ол әпкесінің неке тойына дейін өзінің сымбатына риза болыпты. Алайда ол өзі ұнатқан көйлекті киіп көрген кезде, оның денесіне қатты жабысып тұрғанын көріп, сырт келбетін жек көріп кеткен.

Әпкесінің тойында өзі ұнатқан көйлекті кигісі келген бойжеткен қатты арықтап, ауруханадан бір-ақ шыққан (фото)

Бойжеткен өзінің қатты арықтап кеткенін ата-анасынан жасыру үшін, өзіне үлкен киімдер киіп, жүзумен айналысуда тоқтатқан.

Әпкесінің тойында өзі ұнатқан көйлекті кигісі келген бойжеткен қатты арықтап, ауруханадан бір-ақ шыққан (фото)

«Бұлшық еттерім үнемі ауыратын. Ал мен тоңдым. Сондықтан киімдерді қабаттап киетінмін. Мен жуынған кезде, шашым қатты түсетін. Тіпті олар жастықта да қалып қоятын», – дейді Смит.

Әпкесінің тойында өзі ұнатқан көйлекті кигісі келген бойжеткен қатты арықтап, ауруханадан бір-ақ шыққан (фото)

Ал неке рәсімі кезінде бойжеткен мүлдем тамақ жемеген. Мұнан кейін ол өзін нашар сезінген, ал көйлегі қайта-қайта үстінен түсіп кете беріпті. Нәтижесінде қыз ауруханадан бір-ақ шыққан. Онда Смит бірнеше айға созылған емнен кейін ғана салмағы 64 келіге жеткен.

Әпкесінің тойында өзі ұнатқан көйлекті кигісі келген бойжеткен қатты арықтап, ауруханадан бір-ақ шыққан (фото)

Смиттің сөзінше, ол кәмелет жасқа дейін өмір сүретініне сенімсіз болып, өліп қалатыны туралы ойлаған. Алайда үнемі психолог маманға барып, ем қабылдауы арқылы қалпына келіпті.

Сондай-ақ, Смит тамаққа деген жиіркенішін музыка арқылы жеңгенін айтты. Ол дастархан басына отырған кезде музыка қосып қояды екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау