Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әпкелі-сіңліліге ұқсайтын танымалдар мен олардың аналары (фото)

Араларында он шақты жас айырмашылықтары болса да, сырт көзге біртуған әпкелі-сіңлідей көрінеді.

2908img39123

Гаухар Нұр мен Аяулым Шалқар

Айя Шалқар мен анасының біртуған әпкелі-сіңлідей екеніне таласудың қажеті жоқ. Дәл қазір қазақстандық сәнбике Венада білім алып жатыр. Ол күн сайын анасымен хабарласып, жаңалықтарын бөлісіп тұратынын айтады. Айя сұхбаттарының бірінде “ана уақыты” атты отбасылық дәстүрді әлі күнге дейін жақсы көретінін айтқан болатын. “Бұл уақытта біз анам екеуіміз қатар отырып, бір-бірімізді қатты құшақтаймыз. Осылай 15 минуттай отыра беруіміз мүмкін. Ең бастысы, біз әрдайым біргеміз. Дәл қазір алыста жүргендіктен, бұл дәстүр орындалмай қалып жатыр. Қатты қиналып жүргенім рас”, – дейді Аяулым.

pINX_S-MDBk

Баян Есентаева мен Айсәуле Бақытбек

Айсәулеге кей бойжеткендердің қызғана қарайтыны анық. Себебі, оның анасы қазақстандық шоу-бизнестегі ең сұлу әйелдердің бірі. Бойжеткен анасының жолын қуып, журналистика факультетіне оқуға түсті. Баян Мақсатқызы сұхбаттарының бірінде жасөспірімдік шағында Айсәуленің мінезі қиындау болғанын айтқан. Десе де, бұл олардың жақын құрбыдай сырласуларына кедергі келтірмеген екен.

image

Гүлнұр Мамасарипова мен Сара Амангелді

Shine Production жобасының продюсері Гүлнұр Мамасарипова мен қызы Lashyn тобының әншісі Сара Амангелді бір-біріне қатты ұқсайды. Олардың бірге түскен суреттерінің тұсына желі қолданушылары түрлі пікір қалдырады. Көпшілік анасының қызына қарағанда әлдеқайда жас көрінетінін де айтып жатады.

000

Нұржамал Үсенбаева мен Қарлығаш Мұхамеджанова

Актриса Қарлығаш Мұхамеджанова композитор Төлеген Мұхамеджанов пен опера әншісі Нұржамал Үсенбаеваның отбасында дүниеге келген. Қарлығашқа анасының таланты ғана емес, сұлулығы да берілгендей. Қарлығаш әке-шешесін өзі ана болған соң ғана түсінгенін айтады. “Баланың әр басқан қадамын бақылаған дұрыс екен. Бірінші кезекте баланың өзіне тиер пайдасы мол. Мені жастайымнан әжем өсіргендіктен, мінезім анама ұқсайды”, – дейді ол.

12816955_571549196328153_188005720_n

Кәрима мен Айсұлу Әзімбаева

Айсұлу мен анасының көп жағдайда талғамдары үйлесетіндіктен, екеуі жан достай сырласады. Ол отандық бағдарламалардың бірінде анасын достарымен ұялмай таныстыра алатынын айтқан болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Танымал әншілердің өздерінен аумай қалған сіңлілері (фото)

Қазақстандық жұлдыздар туған сіңлілеріне қаншалықты ұқсайды?

Бір-біріне ұқсай ма: қазақстандық жұлдыздар мен олардың туған бауырлары

Қазақ қыздарына “блондинка” образы жараса ма?

Талқылау