Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Апелляция Ахметовтің жазасын 8 жылға азайтты

Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы экс-премьер Серік Ахметовтің апелляциялық шағымын қарап, алғашқы сот инстанциясы кескен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сегіз жылға азайтты деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

ахметов

Сот оның жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеу және дүние-мүлкін тәркілеу жазасын өзгеріссіз қалдырды.

Апелляциялық сот Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевтің жаза мерзімін де 5 жылдан 3 жылға дейін азайтты.
Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смақұловтың жазасы үш жылдан екі жылға азайтылды.

Қарағанды облыстық соты 11 желтоқсанда Cерік Ахметовты “заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты” және “өкілетін асыра қолданды” деп айыптап, 10 жылға соттаған. Сот Ахметовтің дүние-мүлкін тәркілеуге үкім етіп, 5 жыл мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салған. Ахметов пен сотталушылардың көпшілігі тағылған айыпты мойындамайды.

“Ахметов ісі” аталып кеткен коррупциялық қылмысқа қатысты іс бойынша Қарағанды облысы мен қаласының бұрынғы бірнеше шенеунігі – барлығы 21 адам сотталған. Олардың 12-сі сот үкіміне шағымданған.

Талқылау