Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Апаттан екі аяғынан айырылған алматылық бойжеткен арбада билеп чемпион атанды

2017 жылы апат салдарынан екі аяғынан айырылған алматылық Екатерина Парафиева паролимпиадашымен бірге өнер көрсетті.

Фото: facebook.com/kiraudarceva

Парафиева суда жүзу шебері, паролимпиадашы Михаил Бычковскиймен өнер көрсетті.

“Барлықтарыңызға алғыс айтам! Бұл жобаның кереметтілігі жайлы кейінірек жазатын болам. Біздің  спортшыларымызды қолдап келгендерге де рахмет! Бірге біз алып күшпіз”, – дейді Парафиева желідегі парақшасында.

Парабилер бойынша Қазақстан чемпионаты Алматыдағы Halyk Arena-да өтіп жатыр. Елімізің 15 өңірінен келген 100-ге жуық спортшы шақыртылды. Чемпионат 21 қазанда мәресіне жетеді.

Екатерина Парафиеваның есімін былтырғы жылы көпшілік естіген еді. 2017 жылы 16 маусымда Алматыда болған апат салдарынан бойжеткеннің екі аяғын да кесіп тастады. Жол апаты 16 маусым күні әл-Фараби даңғылының бойында болған. Ол көлігінің жарылған дөңгелегін ауыстырмақ болып сыртқа шыққан кезде, жол апатына ұшырайды. Парафиева екі бірдей көліктің ортасында қыстырылып қалған.

Бұған дейін ол отандастарына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп үндеу жолдаған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау